Мысыр Ресейден бидай сатып алды

Мысыр Ресейден былтыр 8,96 миллион тонна бидай алған.

1950609
Мысыр Ресейден бидай сатып алды

Мысыр азық қауіпсіздігін қамдау үшін Ресейден 240 мың тонна бидай сатып алды.

Мысыр ресми органы 240 мың тонналық бидай жеткізілімінің рамазан айының бір бөлігіне дөп келетін 1-15 сәуір күндері арасында жүзеге асатынын білдірді.

Әлемдік банктың қаржыландыруы арқылы жасалатын импорт үшін тонна басына 317,5 доллар бағаға келісілген. Бидай Мысыр порттарына келгеннен кейін ақшасы төленеді.

Жылдық бидай мұқтаждығының 80 пайызын сатып алып отырған Мысыр әлем көлемінде осы салада бірінші орында тұр.

Егіншілік министрлігінің деректеріне қарағанда,  былтыр 13,3 миллион тонна бидай сатып алған осы елдің ең ірі қамдаушысы – Ресей. Мысыр Ресейден былтыр 8,96 миллион тонна бидай алған.



Ұқсас жаңалықтар