БҰҰ-ның үш әскері қаза тапты

Мали БҰҰ бейбітшілік миссиялары үшін «ең қауіпті ел» деп қабылданады.

1949549
БҰҰ-ның үш әскері қаза тапты

БҰҰ-ның MINUSMA миссиясында қызмет атқаратын үш әскер Малиде қаза тапты.

MINUSMA-ның «Twitter» есебінен жарияланған хабарламада БҰҰ әскерлерін тасымалдаған конвойдың елдің ішкі аймақтарында жолға орналастырылған жарылғышқа басқаны білдірілді.

 Оқиғада үш әскер қаза тауып, 5 әскер жарақат алды.

Малидің солтүстік және ішкі аймақтарында орналасқан MINUSMA-да 61 елден 15 мыңнан астам әскер мен полиция қызмет етеді. MINUSMA Малиде басталған қауіпсіздік дағдарысынан кейін 2023 жылдың 25 сәуір күні құрылған еді.

Бүгінге дейін 180-нен астам қызметкері қаза тапқан MINUSMA «әлемде ең көп шығынға ұшыраған бейбітшілік күші» ретінде танымал.

Мали БҰҰ бейбітшілік миссиялары үшін «ең қауіпті ел» деп қабылданады.

 


Этикеттер: #әскер , #БҰҰ , #Мали

Ұқсас жаңалықтар