Бликен Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарға тоқталды

Блинкен Түркия мен Грецияның келіспеушіліктерін диалог және дипломатия арқылы шешуге болатынын айтты.

1949479
Бликен Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарға тоқталды

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркия мен Грецияның келіспеушіліктерін диалог және дипломатия арқылы шешудің екі елдің және Америка Құрама Штаттарының мүдделеріне сай келетінін айтты.

Грекия және Америка делегациялары 4-ші АҚШ-Грекия стратегиялық диалог кездесуінде бас қосты.

Кездесуге байланысты бас қала Афинада болған Блинкен Грекия Сыртқы істер министрі  Никос Дендиаспен де кездесті.

Кездесуден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында Блинкен 6 ақпан күні эпицентрі Кахраманмарашта болған жер сілкіністеріне байланысты Түркияға барғанын еске салып, «Қирандыларды көрдім, жүрегім қатты ауырды» деді.

Грекияның жер сілкіністерінен кейін Түркияға іздеу-құтқару топтарын жібергенін білдірген Блинкен «Осы қиын сәтте күшті қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын» деген сөздер қолданды.

Түркия мен Грецияның жер сілкіністерінен кейін ұзақ уақытқа созылған көзқарас қайшылықтарына қарамастан бірге жұмыс істегенін баяндаған Блинкен былай деді: «АҚШ тұрғысынан мәселе қарапайым. Грекия мен Түркия біздің серіктестеріміз, досымыз. Біз олармен арасындаңы  келіспеушіліктерді дипломатиялық арналар арқылы шешуге тырысамыз. Аймақта  бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз» деп көрсетті.

Дендиас Грецияның Түркиядағы жер сілкіністерінен кейін зардап шеккендерге жасаған көмегін сыртқы саясатпен байланыстырмағанын, сондай-ақ екі жақты қарым-қатынастардағы атмосфераны жақсартудың да саяси нәтижелерінің болуы мүмкін екенін айтты.

Дендиас жер сілкінісінен кейін Еуропа Одағы елінің аймаққа барған алғашқы сыртқы істер министрі екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар