С. Корея баллистикалық зымыран сынады

Бұл туралы Жапония мен О. Корея хабарлады.

1948430
С. Корея баллистикалық зымыран сынады

Жапония мен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның Жапон теңізі бағытында баллистикалық зымыран сынақтарын өткізгенін хабарлады.

«Солтүстік Корея жергілікті уақыт бойынша 06:59 және 07:10-да Жапон теңізі бағытында екі баллистикалық зымыранды ұшырды» деп хабарлады Жапония Қорғаныс министрлігі.

Жапония арнайы экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандар аймақтағы нысандарға зақым келтірмеді.

Премьер-министр Кисида Фумио Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесін Солтүстік Кореяның сынақтарын талқылау мақсатымен жиналысқа  шақырғандарын білдірді.  Токио үкіметі сондай-ақ  Қытайдағы Жапония елшілігі арқылы Солтүстік Корея әкімшілігіне наразылық білдірді.

Оңтүстік Корея Бас штабы да зымырандардың Сукчон аймағынан ұшырылғанын, оның біріншісі 390 шақырым, екіншісі 340 шақырым әуеде ұшқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар