"Орыс армиясы едәуір шығынға ұшырауда"

Зеленский мәлімдеді.

1948536
"Орыс армиясы едәуір шығынға ұшырауда"

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасста ресейлік күштердің едәуір шығынға ұшырағанын мәлімдеді.

Украина-Ресей соғысының басталғанына бір жыл болып қалды.  Украинаның Донбасс аймағында кескілескен қақтығыстар жалғасуда.

Украина президенті Зеленский орыс армиясының едәуір шығынға ұшырағанын мәлімдеді. "Жағдай өте күрделі, біз соғысып жатырмыз. Басқыншыларды тойтарып, Ресейді едәуір шығынға ұшыратып жатырмыз", - деді ол.

Донбасс аймағындағы бірнеше ай бойы қақтығыстар шиеленіскен қалаларды атай отырып  Украина басшысы «Ресей Бахмут, Вухледар, Маринка, Креминна, Донбасста қаншалықты көп шығынға ұшыраса, біз бұл соғысты соғұрлым тезірек аяқтай аламыз», - деді.



Ұқсас жаңалықтар