Бразилияда сел апатынан 35 кісі қаза тапты

Топырақ көшкіні себепті Сан-Себастяо, Убатуба, Илхабела және Бертиого қалаларында Рио карнавалы аясында өтетін мерекелік шаралар тоқтатылды.

1948655
Бразилияда сел апатынан 35 кісі қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатында жауған нөсерлі жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен көшкін апатынан 35 адам қаза тапты.

Штат басшылары табиғат апатынан арасында 7 жасар бала да бар кем дегенде 35 адам қаза тапқанын білдірді.

Апат болған өңірде іздестіру-құтқару топтары жұмысын жалғастырып жатқаны, жабылған жолдардың қайта ашыла бастағаны хабарланды.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған топырақ көшкініне байланысты Сан-Себастяо, Убатуба, Илхабела және Бертиого қалаларында Рио карнавалы аясында өтетін мерекелік шаралар тоқтатылды.

Сан-Себастяо қаласында көптеген адамның жоғалып кеткенін және 50-ден астам үйдің қирағанын атап өткен қала әкімі Фелипе Аугусто:

"Біздің құтқару топтарымыз бірнеше аумаққа жете алмай отыр. Бұл жерлерде өте күрделі жағдай болуда" деді.



Ұқсас жаңалықтар