Перуде шерулер жалғасуда

Оқиғаларда 20 адамның жараланғаны хабарланды.

1946622
Перуде шерулер жалғасуда

Перуде 11 желтоқсаннан бері мыңдаған адам президент Дина Болуартенің отставкаға кетуін талап етіп көшелерге шығып, үкіметке қарсы шеру ұйымдастыруда.

Перу баспасөзіндегі хабарға қарағанда ел астанасы Лима бастаған көптеген қалада шеруге шыққан шерушілер ара-тұра қауіпсіздік күштерімен қақтығысты.

Шерушілердің таспен және қолдан жасалған жарылғыштармен шабуылына полиция көзден жас ағызатын газбен жауап беріп, көптеген адамды қамауға алды.

Оқиғаларда 20 адамның жараланғаны хабарланды.

Үкімет сонымен бірге Лима мен елдің оңтүстігіндегі кейбір қалаларда 15 қаңтарда бір айға жарияланған төтенше жағдайды 30 күнге созғанын хабарлады.

Перу баспасөзінің хабарлауынша, 11 желтоқсаннан бергі шерулерде 64 адам қаза тауып, жараланғандар саны 1700-ден асты.

Елдегі наразылықтар 7 желтоқсанда Конгресс бұрынғы президент Педро Кастильоға импичмент жариялағаннан кейін басталды.



Ұқсас жаңалықтар