Албания мен Солтүстік Македонияда бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Албания мен Солтүстік Македонияда жер сілкінісіне байланысты кеше кешке бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

1946032
Албания мен Солтүстік Македонияда бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Албания мен Солтүстік Македонияда 6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісіне байланысты кеше  бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Албания мен Солтүстік Македония үкіметтері жариялаған аза тұту аясында екі елдегі мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындардың тулары жартылай төмен түсірілді.

Осы аяда шетелдегі елдердің дипломатиялық өкілдіктері де туларын жартылай түсірді.

Албания президенті Байрам Бегай әлеуметтік медиа парақшасында президенттік ғимаратының алдында жартылай түсірілген Албания туының фотосуретін бөлісті. Бегай Түркия-Сирия шекарасындағы жер сілкінісінен зардап шеккен отбасыларына көмек жібергендерін және олар үшін дұға еткендерін білдірді.

Мәлімдемеде «2019 жылы 29 қарашада Албанияда болған жер сілкінісіндегі Түркияның көмегін албандар ешқашан ұмытпайды» деген сөздер қолданды.

Солтүстік Македония үкіметі тарапынан жасалған мәлімдемеде «Үкімет Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың туыстарына және барша түрік халқына көңіл айтады» делінді.

Еуропа Парламенті Бас ассамблеясының ашылуында Түркия мен Сирияның эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар