Папа көмек беруге шықырды

Рим Папасы Франциск теледидарда жер сілкінісінің кадрларын көргенін айтты.

1945443
Папа көмек беруге шықырды

Католиктердің рухани жетекшісі және Ватикан мемлекет басшысы, Рим Папасы Франциск «ғасыр апаты» деп аталған жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін «не істей алатынымызды ойластыру керек» деді.

Папа Ватикандағы Әулие Петр алаңында әр жексенбі сайын оқылатын Ангелус дұғасынан кейінгі сөзінде «Біз Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге дұға және нақты қолдау көрсету арқылы жақын болуды жалғастырамыз» деді.

Рим Папасы Франциск теледидарда жер сілкінісінің кадрларын көргенін айтты.

"Теледидардан  апаттың суреттерін, жер сілкінісінен зардап шеккен халықтардың қайғы-қасіретін көрдім. Олар үшін дұға етейік, ұмытпайық. Дұға етіп, олар үшін не істей аламыз деп ойланайық" деді Папа.

Жексенбілік дұғада Украинаны да ұмытпау керектігін білдірген Папа бұл елде бейбітшілік жолдарының ашылуын және жауапты адамдардың осы жолда жүруін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар