Голландияда мұсылмандар шеруге шықты

Шерушілер «Мұсылмандық өшпенділікті тоқтат. Құран-- адамзатқа бейбітшілік жолын көрсетті» деген ұран салды.

1942270
Голландияда мұсылмандар шеруге шықты
hollanda kuran-i kerim protesto1.jpg
hollanda kuran-i kerim protesto.jpg

Голландияның Гаага қаласында жүздеген мұсылман Құранға жасалған шабуылдарға наразылық білдірді.

Исламдық ұйымдар федерациясы (FIO) мен Хаагланден аймағы ислам ұйымдары қауымдастығы (SIORH) ұйымдастырған «Мұсылмандық өшпенділікке қарсы тұр» деп аталатын шеруге көптеген мұсылмандар қатысты.

Гаагадағы Оранж алаңына жиналған шерушілер Коекам алаңына дейін барды.

Шерушілер «Мұсылмандық өшпенділікті тоқтат. Құран-- адамзатқа бейбітшілік жолын көрсетті» деген ұран салды.

Шеруде баспасөз мәлімдемесін оқыған Түрік-Ислам мәдениеті қорының президенті, SIORH мүшесі Тахсин Четинкая Нидерландыдағы мұсылмандарға деген өшпенділіктің жаңа деңгейге жеткенін айтты.

Голландияда тұратын мұсылмандардың елдің бір бөлігі екенін айтқан Четинкая «Мұсылмандар мен Исламға өшпенділік танытуды доғарыңдар» деді.



Ұқсас жаңалықтар