Швецияда арандатушылықтар жалғасып жатыр

Құранға балағат сөз жазып кеткен.

1940909
Швецияда арандатушылықтар жалғасып жатыр

Швецияның Карлскрона қаласындағы Роннеби ауданының әр жерінен балағат сөздер жазылған үш Құран табылды.

Швецияның мемлекеттік телеарнасы «SVT» хабарында өліммен қорқытқан сөздер жазылған Құран кітаптың автобус аялдамасында, қалғандарының қоғамдық орындарда табылғаны айтылған.

«SVT» арнасына мәлімдеме жасаған Роннеби қаласындағы Ислам қауымдастығының мүшесі Гудлауг Хилмарсдоттир оқиғаға қатты қайғырғандарын және Құранның олардың өмірдегі нұсқаушысы екенін айтты.

Роннебиде 2020 жылы мұсылмандар мешіт ретінде пайдаланған ғимараттың алдында өртенген Құран парақтары мен бекон тастап кеткен еді. Полиция оқиғаға қатысты «жек көрушілік қылмысы» бойынша тергеу басталғанын жариялағанымен, қылмыскерлерді ұстау мүмкін болмады.

21 қаңтарда Швецияның астанасы Стокгольмде Данияның әсіре оңшыл «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі Расмус Палудан Швециядағы Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді және Палуданға ешкімнің жақындауына рұқсат етілмеді.

Швеция үкіметінің Палуданға Құранды өртеуге рұқсат беруі көптеген ислам елдері, әсіресе Түркия тарапынан айыпталды.



Ұқсас жаңалықтар