Америка құрлығының ең үлкен түрмесі ашылды

Америка құрлығының ең үлкен түрмесі Сальвадорда  ашылды.

1941004
Америка құрлығының ең үлкен түрмесі ашылды

Америка құрлығының ең үлкен түрмесі Орталық Америкадағы Сальвадорда  ашылды.

Сальвадор президенті Наиб Букеле Теколука қаласындағы алқапта 166 гектар аумақта 40 мың 000 адам сыйымдылығы бар Америка құрлығындағы ең үлкен түрмені ашты.

Букеле Twitter парақшасында  түрменің өз елінде қарақшылармен күресу үшін салынғанын және Америка құрлығындағы ең үлкен түрме екені айттты.

Букеле «Біз терроризмге қарсы орталықты аштық. Бұл бар болғаны 7 айда жасалды және оның қарақшыларға қарсы соғыста толық жеңіске жетуде үлкен пайдасы болады» деген сөздер қолданды.

Әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Осирис Луна да бұл орталықтың соңғы технологиялық қондырғылармен салынғанын және оны күні-түні 600 сарбаз, 250 полиция мен күзетші бақылайтынын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар