НАТО Германияға риза болды

Столтенберг Германияның Украинаға "Leopard 2" танктерін жіберу туралы шешіміне риза болғандарын айтты.

1937915
НАТО Германияға риза болды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Германияның Украинаға "Leopard 2" танктерін жіберу туралы шешімін құптады.

Столтенберг әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде Германияның басқа НАТО одақтастары және серіктестерімен ақылдаса отырып, Украинаға "Leopard 2" танктерін жіберу шешіміне риза болғанын айтты.

Бас хатшы Столтенберг:

«Ресей соғысындағы осындай қиын кезеңде бұл Украинаның өзін қорғауына, жеңіске жетуіне және тәуелсіз ел болып қалуына көмектеседі» деп көрсетті.

Германия премьер-министрі Олаф Шольц елінің Украинаға әскери қолдауын одан әрі күшейтетінін және "Leopard 2" негізгі танктерін жеткізуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Германияның қарулы күштерді қоймасынан бірінші кезеңде 14 "Leopard 2 A6" танкінен құралған алғашқы бөлегін беретіні және Германияда танктер жайлы білім берудің жылдам басталатыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар