Ауғанстанда аяз

157 адам үсіп өлді.

1937743
Ауғанстанда аяз

Ауғанстанда соңғы екі аптада қолайсыз ауа райының салдарынан үсіп өлгендердің саны 157-ге жетті.

Елдегі ауа температурасы түнде астана Кабулда 10 градус аязға дейін төмендесе, кейбір аймақтарда 30 градусқа дейін жетті.

Талибан уақытша үкіметінің табиғи апаттар министрлігінің баспасөз хатшысы Шафиулла Рахими елде 157 адамның үсік шалып өлгенін айтып, ең көп құрбан болғандардың Гор, Бадахшан, Пактика және Пактия уәлаяттарында тіркелгенін білдірді.

Рахими ауа райының қолайсыздығынан 75 мыңнан астам ірі қара малдың қырылғанын айтты.

Ауғанстанның метеорологиялық институты биылғы қыста ауа температурасының былтырғыдан екі есе суық болғанын және ең қатты суықтың Гор уәлаятында тіркелгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар