Медбикелерді азаматтар да қолдады

Белсенділер ереуілге шыққан медицина қызметкерлерін қолдады.

1935026
Медбикелерді азаматтар да қолдады

Ұлыбританияның астанасы Лондонда жүздеген адам үкіметтің Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне (NHS) қатысты саясатына наразылық білдіру үшін жиналды.

Премьер-министрдің кеңсесі орналасқан «№ 10» Даунинг-стритке қарай шеруге шыққан белсенділер ереуілге шыққан медицина қызметкерлерін қолдады.

Шерушілер медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді талап етіп, үкіметті медбикелерге әділ жалақы төлеуге шақырды.

Ұлыбританияда жүздеген медбике кеше 48 сағаттық ереуілге шығуға шешім қабылдаған еді.



Ұқсас жаңалықтар