Медбикелер ереуілде

Ұлыбританияда медбикелер 18 және 19 қаңтарда да ереуілге шығады деп жоспарланды.

1933588
Медбикелер ереуілде

Ұлыбритания мен Уэльстегі медбикелер қымбатшылыққа байланысты жалақының көтерілуін талап етіп, ақпан айында қайтадан ереуілге шығатындарын жариялады.

Бүкіл ел бойынша 300 000-нан астам мүшесі бар және медбикелерге өкілдік ететін  RCN (Корольдік медбикелер колледжі) кәсіподағы жасаған мәлімдемеде ең ауқымды ереуіл ақпан айында өтетіні айтылды.

Одақ егер қаңтар айының соңына дейін Англия мен Уэльсте келіссөздерде ілгерілеушілік болмаса, 6-7 ақпанда ереуіл болатынын хабарлады.

Ұлыбританияда медбикелер 18 және 19 қаңтарда да ереуілге шығады деп жоспарланды.

Ұлыбританияда, Уэльсте және Солтүстік Ирландияда 15 және 20 желтоқсанда ондаған мың медбике ереуілге шыққан еді.

RCN кәсіподағы жалақыны 19 пайызға көтеруді талап етіп отыр, ал үкімет мұны қолжетімсіз деп санайды.



Ұқсас жаңалықтар