Ресейдің бидайы Пәкістанға жетті

300 мың тонна бидай тиеген 2 жүк кемесі Карачи портына жетті.

1930615
Ресейдің бидайы Пәкістанға жетті

Ресейден жолға шығып, 300 мың тонна бидай тасымалдаған екі жүк кемесі Пәкістанға жетті.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресейден Пәкістанға 300 мың тонна бидай тиеген 2 жүк кемесі Карачи портына жетті.

Билік 30 наурызға дейін Ресейден тағы 400 мың тонна бидай Гвадар портына жететінін хабарлады.

Ресейден жететін бидай Пәкістандағы ұн мәселесін жеңілдетеді деп болжалып отыр. Инфляцияға және экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты бүкіл елде ұн бағасы көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар