Иран өлім жазасын тоқтатуы керек

Еуропа Одағы Иранға өлім жазасын тоқтатуы жайлы үндеу тастады.

1930359
Иран өлім жазасын тоқтатуы керек

Еуропа Одағы (ЕО) Иранның ЕО-дағы елшісі Хусейін Дехганиге еліндегі соңғы наразылықтарға байланысты өлім жазасын тоқтатуы жайлы үндеуін жеткізді.

ЕО Сыртқы істер қызметінің бас хатшысы Стефано Саннино Иран елшісіне ескерту жасады. Стефано Саннино Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррельдің тапсырмасы бойынша  Иран елшісі Дехганиге 7 қаңтарда Мұхаммед Мехди Кереми мен Сейед Мохаммед Хусейінің елдегі наразылықтарға байланысты өлім жазасына кесілуінің Еуроодақты үрейлендіргенін жеткізді.

Боррель офисінен жасалған  мәлімдемеге қарағанда Иран елшісі Дехганимен кездескен Саннино Еуроодақтың ереуілшілерге өлім жазасын қолдануды тоқтату туралы үндеуін қайталады.

Еуроодақтың кез келген жағдайда өлім жазасына қарсы екенін еске салған Саннино Еуроодақ пен оған мүше елдердің Иранның әрекеттеріне қарсы біртұтас тұғыр ұстанғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар