Норвегия Украинаға снаряд жіберді

Норвегия Украинаға көмектесуін жалғастырады.

1928539
Норвегия Украинаға снаряд жіберді

Норвегия Украинаға 10 000 алыс қашықтықтағы заманауи артиллериялық снаряд жіберді.

Норвегия Қорғаныс министрі Бьорн Арильд Грам өз елінің мемлекеттік «NRK» телеарнасына жасаған мәлімдемесінде Украинаның қорғанысқа өте мұқтаж екенін және осы себепті елге 10 мың алыс қашықтыққа атылатын артиллериялық снаряд жібергендерін айтты.

Грам 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей соғысы басталғаннан бері Украинаға 600 мың еуро әскери көмек жібергендерін білдірді.

"Біз Ресейдің Украинадағы соғыста жеңіске жетуіне жол бере алмаймыз. Норвегия Украинаны қару-жарақпен және техникамен қолдай отырып халықаралық құқыққа сәйкес қауіпсіз әрекет етуде" деді ол.

Министр Грам Украинаға жіберілген артиллериялық снарядтардың 30 шақырым жердегі нысаналарға дәл тиетінін және снарядтардың M109 гаубицаларында қолданылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар