Керим Юнус 67 жасында түрмеден шықты

Өмірінің 40 жылын Израиль түрмелерінде өткізген палестиналық Керим Юнус бостандыққа шықты.

1928514
Керим Юнус 67 жасында түрмеден шықты

Палестина тұтқындар қауымдастығы жазбаша мәлімдемесінде жазасын өтеген Юнустың босатылғанын білдірді.

Мәлімдемеде 1983 жылы 6 қаңтарда Израиль тарапынан тұтқынға алынған палестиналыққа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені, кейіннен 40 жылға ауыстырылғаны атап өтілді.

Юнустың Палестина президенті Махмуд Аббас басқаратын Фетих қозғалысы орталық комитетінің мүшесі екені айтылған.

1956 жылы желтоқсанда дүниеге келген Юнус 27 жасында кірген түрмеден 67 жасында шықты.



Ұқсас жаңалықтар