Сомалидегі шабуылда көп адам қаза тапты

Сомалидің Хиран аймағында екі бөлек жанкешті шабуылда көптеген адам қаза тапты.

1927985
Сомалидегі шабуылда көп адам қаза тапты

Хиран аудандарының бірі Махас қаласының мэрі Момин Мұхамед Халане шабуылдарда шамамен 20-30 адамның қаза тапқанын, қираған ғимараттар салдарынан қаза тапқандар санының анық еместігін мәлімдеді.

Халане «Террористер бүгін таңертең ауданда екі жанкешті шабуыл жасады. Біріншісі ғимаратта, екіншісі базарда болды. Шабуылдардан көптеген бейбіт тұрғындар мен әскерилер қаза тапты» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар