Ресей Украинаның инфрақұрылымына көп шығын келтірді

Ресей Украинаның инфрақұрылымына 700 миллиард доллардан астам шығын келтірді.

1927615
Ресей Украинаның инфрақұрылымына көп шығын келтірді

Украина премьер-министрі Денис Шмыгал Ресей бастаған соғыстан елінің инфрақұрылымына келтірілген шығын көлемінің 700 миллиард доллардан асқанын мәлімдеді.

Ел астанасы Киевте осы  жылдың бірінші Министрлер кеңесі отырысының ашылуында сөз сөйлеген Шмыгал Ресей мен Украина арасында жалғасып жатқан соғысқа тоқталды.

Шмигал 24 ақпанда басталған соғыстың Украина инфрақұрылымына келтірген шығынының жазғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін атап өтті.

Маусым айында жасалған есептеулер бойынша соғыс салдарынан Украинаның инфрақұрылымына 350 миллиард доллар зиян келгенін айтқан Шмыгал «Біздің инфрақұрылымымызға жасалған соңғы шабуылдарды ескерсек, осы таңда бұл шығын 700 миллиард доллардан асады» деді.

Премьер-министр Шмыгал соғыстың қоршаған ортаға келтірген шығыны шамамен 35,3 миллиард доллар екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар