Жаңа жылда өлтіріп кетті

28 бейбіт тұрғынның мәйіті табылды.

1927345
Жаңа жылда өлтіріп кетті

Буркина-Фасоның солтүстік-батысындағы Каско провинциясында Жаңа жыл түні болған лаңкестік шабуылда қаза тапқан 28 бейбіт тұрғынның мәйіті табылды.

Үкімет баспасөз хатшысы Жан Эммануэль Уэдраого Косси штатының астанасы Ноунаның 4-ші және 6-шы аудандарына лаңкестер шабуыл жасағанын еске салды.

Шабуылдан кейін 28 бейбіт тұрғынның мәйіті табылғанын атап көрсеткен Уэдраого барлық жауаптылардың анықталу үшін тергеу басталғанын мәлімдеді.

Көрші Малидегі «Әл-Қаида» мен ДАИШ-пен байланысы бар лаңкестік топтар 2015 жылдан бері Буркина-Фасоның солтүстігі мен шығысында жиі шабуылдар жасап келеді.

Үкімет мәліметтері бойынша, 2015 жылдан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықтағы шабуылдардан 2000 адам қаза тапты, оның 600-і қауіпсіздік күштері.



Ұқсас жаңалықтар