«Strep A» бактериясынан 30 бала қайтыс болды

«Strep A» бактериялық инфекциясынан барлығы 122 адам қайтыс болды.

1925811
«Strep A» бактериясынан 30 бала қайтыс болды

Ұлыбританияда 19 қыркүйектен бері «Strep A» бактериясы тудырған инфекциядан кем дегенде 30 бала қайтыс болды.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің (UKHSA) мәліметтері бойынша, «Strep A» бактериялық инфекциясынан барлығы 122 адам қайтыс болды.

19 қыркүйектен бері бұл дерттен 18 жасқа толмаған кем дегенде 30 бала қайтыс болды.

2017-2018 жылдар аралығында 355 адам «Strep A»  бактериясынан қайтыс болды, оның ішінде 27-сі 18 жасқа толмағандар.

UKHSA 6 желтоқсандағы мәлімдемесінде отбасыларға инфекциядан сақ болуды ескертті.

«Strep A» бактериясы адамдардың тамағы мен терісіне енетіні белгілі, көбіне  тұмау және  тамақ ауруын тудырады.

Дененің кейбір бөліктерінде бөртпе мен тері инфекцияларына жол ашатын бактериялар кейбір жағдайларда ауыр асқынуларға және өлімге әкелуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар