Түрік азаматының мәйітін қателесіп өртеп жіберген

Неміс отбасы Саргынның күлін өздерінің жаназасы деп ойлап, салтанатты түрде  көмген.

1925340
Түрік азаматының мәйітін қателесіп өртеп жіберген

Германияда мәйіті қателесіп өртелген түрік азаматы Абдулкадир Саргынды жерлеу рәсімі Ганноверде өтті.

Алдымен Түрік-Ислам Дін істері Одағы  Ганновер орталық мешітінде Саргын үшін жаназа намазы оқылды.

Түркияның Германиядағы елшісі Ахмет Башар Шен осында сөйлеген сөзінде отбасының қайғысын бөлісу үшін Ганноверге келгенін айтып, қайтыс болған Саргынға Алладан рақым тіледі.

Адамнан айрылып қалудың әрине үлкен қайғы екенін білдірген Шен «Мұсылман болып өмір сүргеніне сіз де куә болдыңыз. Ал мына оқиға әрине бәрімізді қынжылтты» деді.

Мәйіттің бір неміс азаматтың мәйітімен шатастырылып, өртелуіне байланысты туындаған мәселеге назар аударған Шен «Кімнің жауапты екенін анықтау керек. Қылмыстық қудалау жүргізілсін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін қажетті шаралардың алынуын талап еттік. Осындай оқиғалар қайталанбауы керек» деді.

Жаназа намазынан кейін Саргынның күлі Ганновер Стөккен зиратына жерленді.

Неміс азаматының мәйітінің орнына Саргынның мәйітін өртеу оқиғасына жауапты аурухана басшылығы болған оқиғаға қатты қайғырғандарын айтып, отбасыдан кешірім сұрады.

14 желтоқсанда «MHH» ауруханасында қайтыс болған Абдулкадир Саргынның денесі 5 желтоқсанда қайтыс болған 81 жастағы немістің денесімен ауысып кеткен.

Неміс отбасы өз мәйітін кремациялау үшін крематорийге апаруды талап етті. Алайда оның орнына Абдулкадир Саргынның мәйіті крематорийге жеткізіліп, өртелген.

Неміс отбасы кейін Саргынның күлін өздерінің жаназасы деп ойлап, салтанатты түрде  көмген.

Саргынның мәйітін алуға барған және исламдық әдістермен жерлеуге дайындалған балалары гасил бөлмесінде жуылуын күтіп тұрған мәйіттің әкесінікі емес екенін анықтаған.

Әкесінің денесінің қайда екенін анықтауға тырысқан отбасы аурухана басшылығының жауабынан кейін қатты қайғырды.

Саргын отбасы соттық іс қозғады.



Ұқсас жаңалықтар