Ливанда 26 тұтқын түрмеден қашты

Ливанның ресми агенттігі Куб Дженин түрмесінен 26 тұтқынның қашқанын хабарлады.

1920833
Ливанда 26 тұтқын түрмеден қашты

Ливанның шығысындағы Бекаа алқабындағы түрмеден 26 тұтқынның қашып кеткені хабарланды.

Ливанның ресми агенттігі «NNA»-ның хабарына қарағанда Бекаа алқабындағы Куб Дженин түрмесінде қамауда отырған 26 тұтқын таңертең желдеткіш оқпаннан қашып шыққан.

Оқиғадан кейін қауіпсіздік күштері бастаған операцияда бүгінге дейін 1 тұтқын ұсталды.

Хабарламада қашқан тұтқындардың көпшілігінің тауар мен қару-жарақ контрабандасы үшін түрмеге жабылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар