Ауғанстанда жанармай танкері жарылысынан 31 адам қаза тапты

Шараф Заман бүгінге дейін туннельде орын алған апатта қаза тапқандар санының 31-ге, жараланғандар санының 37-ге жеткенін мәлімдеді.

1920732
Ауғанстанда жанармай танкері жарылысынан 31 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстік провинцияларын ел астанасы Кабулмен байланыстыратын жалғыз қақпа болған Саланг туннелінде жанармай танкері жарылысынан қаза тапқандар саны кеше 31-ге жетті.

Талибан уақытша үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Шараф Заман бұл тақырыпқа қатысты соңғы ақпаратты  бөлісті.

Заман бүгінге дейін туннельде орын алған апатта қаза тапқандар санының 31-ге, жараланғандар санының 37-ге жеткенін мәлімдеген. 

Үйінділер астында қалған адамдардың бар екеніне назар аударған Заман іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын, қаза болғандар мен жараланғандар санының артуы мүмкін екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар