Ватикан Ресейден кешірім сұрады

Ватикан Рим Папасы Францисктің шешендер мен буряттарды «ең жауыздар» деп сипаттаған сөзіне орай Ресейден кешірім сұрады

1919537
Ватикан Ресейден кешірім сұрады

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Ватиканның католиктердің рухани жетекшісі және Ватикан президенті Рим Папасы Францисктің шешендер мен буряттарға қатысты мәлімдемелері үшін кешірім сұрағанын хабарлады.

Захарова ел астанасы Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында өзекті мәселелерге қатысты мәлімдеме жасады.

Рим Папасы Францисктің 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы туралы баға беру кезінде шешендер мен буряттарды «ең жауыздар» деп сипаттағанын еске салған Захарова Ватиканның осы себепті Ресейден кешірім сұрағанын білдірді.

Захарова Ватиканның мәлімдемесін дипломатиялық көздерден алғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар