«TikTok» тыйымы

Заң жобасы барлық сенаторлардың «қабыл»  дауысымен мақұлданды.

1919398
«TikTok» тыйымы

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Сенаты ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты федералды үкімет қызметкерлеріне «TikTok»-ты мемлекеттік құрылғыларға жүктеуге тыйым салатын заң жобасын бірауыздан қабылдады.

Сенаттың Бас ассамблеясы «Мемлекеттік құрылғылардағы «TikTok» қолданбасына қарсы заң жобасына дауыс берді.

Заң жобасы барлық сенаторлардың «қабыл»  дауысымен мақұлданды.

Бұл заң жобасына байланысты федералды үкімет қызметкерлеріне «TikTok» қосымшасын мемлекеттік құрылғыларға жүктеп алуға тыйым салынады.

Заң жобасының күшіне енуі үшін оны алдымен Өкілдер палатасы мақұлдап, кейін АҚШ президенті Джо Байден қол қоюы керек.

АҚШ саясаткерлері мен барлау қызметтері көп уақыттан бері Пекиндегі «ByteDance Ltd» компаниясы тарапынан дайындалған қолданбадағы жеке ақпараттардың Қытай үкіметіне берілгенін, бұл «ұлттық қауіпсіздікке қауіп туғызатынын» айтып келеді. Ал «TikTok» басшылары  керісінше, бұл ақпарат Қытай үкіметіне берілмейді және үкімет олардан мұндай сұраныс жасамаған деп көндіруге тырысып келеді.


Этикеттер: #АҚШ , #заң , #тыйым , #сенатор , #TikTok

Ұқсас жаңалықтар