Сунак еліне заңсыз кіргендердің тез арада кері қайтарылатынын мәлімдеді

Сунак заңсыз иммиграциямен күресу үшін жаңа жоспарға байланысты мәлімдеме жасады.

1918795
Сунак еліне заңсыз кіргендердің тез арада кері қайтарылатынын мәлімдеді

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак еліне заңсыз кіргендердің тез арада кері қайтарылатынын мәлімдеді.

Сунак Ұлыбритания парламентінде заңсыз иммиграциямен күрес үшін белгіленген 5 тармақтан тұратын жаңа жоспарға байланысты мәлімдеме жасады.

Жаһандық баспана жүйесінің қазір жарамсыз және ескіргенін айтқан Сунак «жау мемлекеттердің» Еуропа шекарасында иммиграцияны қару ретінде пайдаланып жатқанын айтты.

Сунак Ұлыбританияға заңсыз кіруге тырысқандардың басым көпшілігі «қауіпсіз елдерден» кеткенін айтты. Осы тұрғыда Сунак заңсыз көші-қонмен күресу үшін 5 тармақтан тұратын жоспар дайындағандарын атап өтіп, Ла-Манш арқылы өтетін шағын қайықтарды бақылау үшін құрылатын жаңа бөлімшеге 700 қызметкер тағайындалатынын айтты.

Сунак Албаниямен жасалған жаңа келісім бойынша британдық шекарашылардың Албанияға орналастырылатынын және албан мигранттарының өтініштерін қарау үшін 400 сарапшыдан тұратын арнайы бөлімше құрылатынын хабарлады.

Премьер-министр Сунак қонақүйлерде, пайдаланылмаған демалыс саябақтарында, ескі студенттік жатақханаларда және артық әскери нысандарда тұрып жатқан 10 мың босқынға баспана беретінін мәлімдеді. Ол  Ұлыбритания үкіметінің келесі жылдың басында Ла-Манш арқылы өткен иммигранттардың Ұлыбританияда қалуына тыйым салатын заң қабылдайтынын атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар