Сирияда жоғалған адамдарды іздеу үшін шақыру жасалды

Адам құқықтарын бақылау ұйымы мен Халықаралық Амнистия ұйымы ортақ мәлімдеме жасады.

1913249
Сирияда жоғалған адамдарды іздеу үшін шақыру жасалды

Сириядағы ішкі соғыста Асад режимі күштері тарапынан «күштеп із-түзсіз жоғалғандардың» тағдырын анықтау үшін тәуелсіз механизм құрылуы керектігі хабарланды.

Адам құқықтарын бақылау ұйымы және Халықаралық Амнистия ұйымының ортақ жазбаша мәлімдемесінде Сирияда 2011 жылдың наурыз айында басталған азаматтық соғыс кезінде тұтқындалып, онмыңдаған адамның тағдырының ашылуы керектігі баса айтылды.

Осы мақсатта БҰҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық мандаты бар тәуелсіз механизм құруға шақырылған мәлімдемеде «Көбінесе қамауда және сотсыз өлім жазасына кесілген бұл із-түссіз жоғалу оқиғалардың басым көпшілігіне Башар Асад үкіметі жауапты» делінді.

Сирияда әлі 150 мыңнан астам адам әртүрлі тараптарға тиесілі түрмелерде немесе уақытша тергеу изоляторларында тұтылса, олардың көпшілігінен ұзақ уақыттан бері хабар жоқ.



Ұқсас жаңалықтар