Зеленска "Бізге әділет те керек" деді

Ол Ұлыбританияда депутаттар алдында сөз сөйледі.

1912992
Зеленска "Бізге әділет те керек" деді

Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Олена Зеленска жеңіс қана емес, оларға әділдік те керек екенін айтты.

Олена Зеленска Ұлыбританияға сапары аясында британ парламентінде депутаттар алдында сөз сөйледі.

24 ақпаннан бері Украинада соғысып жатқан ресейліктерді фашистерге ұқсатқан Зеленска украиндар Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германия қалаларды бомбалағанда Ұлыбританияның басынан өткен террорды бастан өткеріп жатқандарын айтты.

Зеленска "Біз күн сайын ағылшындардың алдыңғы буыны естіген сиреналарды естіп отырмыз. Сіз берілмедіңіз, біз де берілмейміз. Дегенмен бізге тек жеңіс қана қажет емес, бізге әділдік те керек." деді.

Фашистер жасаған қылмыстардың жазасыз қалмайтынын атап көрсеткен Зеленска «Біз де солай істеуіміз керек. Зымырандардан зардап шеккен адамдар үшін әділдік керек», - деді.

Зеленска Ресей армиясының Украинада «жүйелі зорлық-зомбылық» жасағанын және ресейлік оккупациядан азат етілген көптеген қала мен ауылдарда «азаптау бөлмелері» табылғанын білдірді.

Олена Зеленска елінің энергетикалық инфрақұрылымының да ресейлік шабуылдардан зардап шеккенін айтты.

Зеленска Букенгем сарайында Ұлыбритания королі III Чарльз және жұбайы Камилламен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар