Қытайда Ковид-19 індеті асқынып келеді

Қытайда Ковид-19 індетінде соңғы 24 сағатта 39 мың 791 жаңа жағдайдың анықталғаны, оның 36 мың 82-сі симптомсыз екені білдірілді.

1911575
Қытайда Ковид-19 індеті асқынып келеді

Қытайдағы жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінде соңғы 24 сағатта 39 мың 791 жаңа науқас анықталды, күнделікті ауру саны жағынан төрт күн қатарынан рекорд өреге жетті.

Қытай тез таралып жатқан Ковид-19 індетімен күресті жалғастыруда.

Қытайдың Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясының мәлімдемесінде Қытай құрлығында соңғы 24 сағатта барлығы 39 мың 791 жаңа жағдайдың анықталғаны, оның 36 мың 82-сі симптомсыз екені білдірілді.

Елдегі симптоматикалық науқастардың жалпы саны 307 802 кісіге жетті.

Соңғы тәулікте тіркелген науқас саны мен күнделікті оқиға саны бойынша төртінші күн қатарынан рекорд жасалды.

Ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта бір адам қайтыс болған елде жалпы қайтыс болғандар саны 5 мың 233 кісі деп жарияланды.

Ковид-19 індетімен ең көп күресіп жатқан қалалардың бірі болған астана Бейжіңде ауру саны тез артуда.



Ұқсас жаңалықтар