Австралияда "террор қаупі"
Майк Бурджесс «Бұл қауіп жойылды дегенді білдірмейді» деді.
Австралияда террорлық қауіп үшін дабыл деңгейі 2014 жылдан бері алғаш рет «күштіден» «төменге» төмендетілді.
Австралия Қауіпсіздік барлау агенттігінің (ASIO) басшысы Майк Бурджесс осы тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде «Бұл қауіп жойылды дегенді білдірмейді» деді.
Бурджесс 2014 жылдан бері алғаш рет лаңкестік қауіп деңгейінің «жоғары ықтималдан» «ықтималсызға» төмендегенін атап өтіп, Австралияда соңғы бірнеше жылда радикалды ұлтшылдық пен әсіре оңшыл идеологияның артқанын айтты.
2014 жылы террор қаупі деңгейінің «төмен ықтималдан» «жоғары ықтималға» көтерілуінен бері елде 11 террорлық шабуыл жасалғанын білдірген Бурджесс жоспарланған 21 шабуылдың алдын алғандарына назар аударды.
Майк Берджесс “Кейбір адамдар әлі де австралиялықтарды өлтіруді ойластыруда, «чаттарда» жеккөрінішті идеологиялармен бөлісуді және бомбалардың қалай жасалатынын, қарудың қалай қолданылатынын зерттеуді жалғастыруда” деді.
Ұқсас жаңалықтар
Перудағы жол апатында 11 адам қаза тапты
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша жолаушы автобусы жүк көлігімен соқтығысты.
Тағы 8 палестиналық қаза тапты
Израиль армиясы Дженин қаласы мен Дженин босқындар лагеріне шабуыл жасады.