Жозеп Боррель Түркияға алғыс айтты

Жозеп Боррель Барселонадағы Жерорта теңізі үшін Одақтың 7-ші аймақтық форумының беташарында сөз сөйледі.

1910737
Жозеп Боррель Түркияға алғыс айтты

Еуропа Одағының (ЕО) Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррель Украина-Ресей соғысының зардаптарына тоқталып, Қаратеңіз Астық дәлізі келісімінің ұзартылуына қосқан үлестері үшін Түркияға тағы да алғыс айтты.

Боррель орталығы Испанияның Барселона қаласында орналасқан Жерорта теңізі үшін Одақтың 7-ші аймақтық форумының беташарында сөз сөйледі.

Украина-Ресей соғысының Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы елдермен қарым-қатынастарына зиянын тигізбеуі керектігін атап көрсеткен Боррель «бұл қақтығыстың жағымсыз салдарын барынша азайту керек» деп көрсетті.

Боррель сонымен бірге өз сөзінде Жерорта теңізінің солтүстігі мен оңтүстігіндегі «экономикалық айырмашылықтың» кеңейіп жатқанын айтып, көбірек ынтымақтастық жасауды сұрады.

«Біз бұл әлемдегі ең терең теңсіздіктердің бірі болған және барған сайын асқынып келе жатқан Жерорта теңізінің екі жағы арасындағы экономикалық айырмашылықты жою үшін күш-жігерімізді салуымыз керек» деген Боррель әсіресе жастарға қатысты жобаларда әлдеқайда жылдам және тиімді әрекеттер жасалуы қажет екенін атап өтті.

Боррель Жерорта теңізі үшін Одақтың мүшелерін климаттың өзгеруі мен жаңартылатын энергияның басымдықтарын шешу, әйелдердің қоғамдық өмірге және шешім қабылдау процестеріне қолжетімділігін жақсарту, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу бойынша міндеттемелерін орындау үшін ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға көбірек күш салуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар