АҚШ Украинаға 400 миллион доллар береді

Энтони Блинкен Украинаға Америка армиясының қазынасынан 400 миллион долларлық қосымша жәрдем берілетінін айтты.

1910392
АҚШ Украинаға 400 миллион доллар береді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға Америка армиясының қазынасынан 400 миллион долларлық қосымша оқ-дәрі мен құрал-жабдық жәрдемі беретіндерін мәлімдеді.

Энтони Блинкен жазбаша мәлімдемесінде:

"АҚШ Украинаның өзін қорғауына деген қолдауын жалғастырады" деп көрсетті.

АҚШ президенті Джо Байден берген билікке сәйкес Украина үшін 26-шы рет қару-жарақ пен құрал-жабдықтардың АҚШ қазынасынан берілетінін айтқан Блинкен Қорғаныс министрлігінің инвентаризациясынан алынған 400 миллион долларлық пакетте  оқ-дәрілер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары және қосымша қару бар екенін білдірді.

Энтони Блинкен бұл пакетпен Украинаға әскери көмек көлемі шамамен 19.7 миллиард долларға жететінін мәлімдеді.

Зеңбірек оқ-дәрілері, мерген мылтықтары, әуе қорғаныс зымырандары мен тактикалық көліктердің соғыс алаңында Украинаға пайда әкелетінін атап көрсеткен Блинкен:

"Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Киевке соңғы сапары кезінде ұсынған  50 миллион еуролық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін ескергенде Франция мен Ұлыбритания да біздің күш-жігерімізге қатысуда.  Сондай-ақ Швецияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі міндеттемелері шамамен 300 миллион АҚШ долларын құрайтынын айта кетейік. Біз Украинаның өзін қорғауы үшін қанша уақыт созылғанына қарамай қолдауды жалғастырамыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар