Газпром Украина арқылы газ тасымалдауды азайтады

Газпромның мәлімдемесінде Молдавияға жіберілген табиғи газдың бір бөлігінің Украинада қалғаны анықталғаны білдірілді.

1909572
Газпром Украина арқылы газ тасымалдауды азайтады

Ресейлік Газпром энергетикалық компаниясы «Молдавияға жіберілген табиғи газдың бір бөлігі Украинада қалғанын» және жағдай жалғасатын болса, 28 қарашадан бастап Украина арқылы газ тасымалының қысқартылатынын мәлімдеді.

Газпромнан жасалған жазбаша мәлімдемеде Молдавияға жіберілген табиғи газдың бір бөлігінің Украинада қалғаны анықталғаны білдірілді.

Газпромның Молдавия үшін Сука портына жеткізген газ көлемінің Украинадан Молдавияға жөнелтілген газ көлемінен жоғары екеніне назар аударылған мәлімдемеде:

«Егер Молдавияға Украина арқылы жеткізілетін транзиттік газдың теңгерімсіздігі жалғаса берсе, Газпром 28 қарашадан бастап Сукадан жеткізілетін газды азайта бастайды» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде Газпромның 22 қарашада Сукадан 42.9 миллион текше метр табиғи газ тасымалдайтыны атап өтілді.

10 мамырда Украина ресейлік табиғи газдың үштен бір бөлігі Еуропаға өтетін Сохрановка тарату түйінінде газ жөнелтуді тоқтатты, ал газ тасымалдау тек Сука пунктінен жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар