Францияда ыстықтан 2 мыңнан астам адам қайтыс болды

Францияда ауа температурасы мен коронавирустың жаңа түрі індетіне байланысты 10 мың 420 адам қайтыс болды.

1909664
Францияда ыстықтан 2 мыңнан астам адам қайтыс болды

Францияда биыл жаздың аптап ыстығынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты

Францияда 1900 жылдан бері тарихтағы екінші ең жоғары температура болған жазғы кезеңде 2 мың 816 адам қайтыс болды деп хабарланды.

Франция Әлеуметтік Денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа қарағанда биыл ауа температурасы мен коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індетіне байланысты 10 мың 420 адам қайтыс болды.

2 мың 816 адам жазда 14-22 маусым, 9-27 шілде және 29 шілде-14 тамыз арасында болған 3 реткі аптап ыстық себепті тікелей қайтыс болды. Аталған кезеңдерде байқалған шектен тыс шыжыған ауа райы елде 1900 жылдан бері байқалған «ең жоғары температура» ретінде тіркелді.

2003 жылы елде қалыптан тыс ыстық температураның салдарынан 15 мың адам қайтыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар