Заңсыз мигранттар кері қайтарылады

АҚШ кубалық заңсыз мигранттарды қайтаруды жалғастырады.

1907071
Заңсыз мигранттар кері қайтарылады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) кубалық заңсыз мигранттарды қайтаруды жалғастырады.

Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Коссио мәлімдемесінде елі мен АҚШ арасында заңсыз мигранттардың жағдайы туралы кездесу өткізілгенін айтты.

Коссио «Бұл қауіпсіз және тәртіпті көші-қон процесін жүргізу жөніндегі ортақ мақсатымызға үлес қосқан пайдалы кездесу болды» деді.

Бірқатар келіссөзден кейін кубалық заңсыз мигранттарды қайтару жөнінде келісімге келгендерін білдірген Коссио бұл тақырыпта екі ел арасындағы диалогтың жалғасатынын баса айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаменті жасаған мәлімдемеде екі ел арасындағы ынтымақтастыққа риза екені айтылды.

АҚШ 2022 жылдың қаңтарында аралдағы визалық және консулдық қызметтерді қалпына келтіретінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар