BioNTech Сингапурда база сатып алды
BioNTech-тің Сингапурдағы нысаны 2023 жылға дейін толық іске қосылып, 100 кісінің жұмысқа орналасуы жоспарлануда.
Неміс биотехнологиялық фирмасы BioNTech Азиядағы өзінің алғашқы өндірістік нысанын Сингапурдан сатып алғанын хабарлады.
BioNTech мәлімдемесінде Novartis швейцариялық еншілес кәсіпорнынан сатып алынған базаның ықтимал "mRNA" негізіндегі вакциналарды Азия-Тынық мұхиты аймағында өндіруді қолдайтыны білдірілді.
Сатып алудың қаржылық мәліметтері ашық жарияланбады.
Неміс компаниясының Сингапурдағы нысаны 2023 жылға дейін толық іске қосылып, 100 кісінің жұмысқа орналасуы жоспарлануда.
7 қазанда BioNTech компаниясы Ковид-19 вакцинасынан кейін Австралияның Виктория қаласында зерттеу орталығы мен өндіріс орнын салу арқылы өзінің халықаралық өресін кеңейтетінін хабарлады.
7 қарашада BioNTech бейімделген вакциналарға сұраныс пен жоғары бағаларды алға тартып, Ковид-19 вакцинасының биылғы кірісін 13-17 миллиард еуродан 16-17 миллиард еуроға дейін көтерді.
Қаңтар-қыркүйек аралығында неміс компаниясы кірісін 13 миллиард еуро, таза пайдасын 7.2 миллиард еуро деп жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.