АҚШ-тағы ұшақ апатында 6 кісі мерт болды

Даллас  Executive әуежайында өткен әуеде өнер көрсету кезінде соқтығысқан екі ұшақтағы алты адамның қаза тапқаны білдірілді.

1906115
АҚШ-тағы ұшақ апатында 6 кісі мерт болды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Техас штатында әуеде соқтығысқан "Boeing B-17" және "Bell P-63" үлгідегі екі ұшақ апатында алты адам қаза тапты.

Даллас аймақтық соты Клэй Дженкинс өзінің Twitter-дегі жазбасында кеше Даллас  Executive әуежайында өткен әуеде өнер көрсету кезінде соқтығысқан екі ұшақтағы алты адамның қаза тапқанын хабарлады.

Дженкинс әкімшіліктің қаза тапқандарды анықтау және тергеу жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Федералдық Авиация әкімшілігі жасаған мәлімдемеде Даллас қаласынан шамамен 16 шақырым жерде орналасқан Executive әуежайында әуеде өнер көрсету  кезінде екі ұшақтың соқтығысқаны жарияланды.

Көрермендер түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен суреттерде екі ескі үлгідегі демонстрациялық ұшақтың соқтығысқаннан кейін жерге құлағаны және соғылған жерден алаудың аспанға көтерілгені көрінді.

Федералдық Авиация әкімшілігі және Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің апатты тергеу жұмыстарын жалғастырып жатқаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар