"Швеция 30 жыл бойы терроистердің баспанасы болды"

Магнус Рансторп: "Швеция 30 жыл бойы терроистердің баспанасы болды" деген бағаландыру жасады.

1904909
"Швеция 30 жыл бойы терроистердің баспанасы болды"

Норвегия Қорғаныс университетінің терористер жөніндегі маманы Магнус Рансторп: "Швеция 30 жыл бойы терроистердің баспанасы болды" деген бағаландыру жасады.

Рансторп Швецияның "Aftonbladet" газетіне берген сұхбатында 28 маусым күні НАТО Мадрид саммитінде Түркия, Финляндия және Швеция қол қойған үш жақты меморандумды бағаландырды.

Рансторп 30 жыл бойы терроризм бойынша сарапшы болғанын айтып:

"Осы кезеңде Швеция террористердің баспанасы болды. Бұдан террористер  жақсы пайдаланды. Олар ақша тапты, өз істерін еш кедергісіз жүргізді. Түркия Швециядан өз жерінде террористерге қарсы күресте анық болуын бірнеше рет сұрады. Түркияның бұл мәселеде қақылы екені айқын» деді.

Түркияның Еуропадағы террористік әрекеттерге қарсылығы орынды талап деп тапқан Рэнсторп Түркияның Швеция сияқты көптеген Еуропа елдеріндегі террорлық топтардың әрекеттеріне шағымдануының дұрыс екеніне назар аударды.

Рансторп: «Швецияда террористік ұйымға қатысуды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін уақыт қажет, шара қолдануда тым кеш қалды» деген пікірін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар