Вучич өзіне қастандық жоспарланғанын мәлімдеді

Сербия президенті өзіне қарсы қастандық жоспарланғаны туралы дәлелдер бар екенін білдірді.

1904554
Вучич өзіне қастандық жоспарланғанын мәлімдеді

Сербия президенті Александр Вучич өзіне қарсы қастандық жоспарланғаны туралы дәлелдер болғанын және мұны кімдердің жоспарлағаны жөнінде тиісті мекемелердің мәліметі бар екенін хабарлады.

Александр Вучич бас қала Белградта жасаған мәлімдемесінде өткен жылы ұйымдастырылған Стефан Неманья ескерткіші ашылуына қатысқан кезде өзіне қастандық жоспарланғанын атап «Дәлел бар. Жаңа деректер де келеді. Телефондардан жүктелген жаңа деректер бар. Мені нысанаға алатын қастандық әрекеті туралы әңгіме болып жатыр» деді.

Вучич қастандықтың кім тарапынан жоспарлағанының да белгілі екенін атап «Ашылу салтанаты кезінде көпшіліктің арасынан өте тыныш жүріп өттім. Болат кеудешеде киген жоқпын.

Өз елімде мұны ешқашан кимеймін. Халқымның арасынан аралап шықтым» деді.



Ұқсас жаңалықтар