ЕО Мьянмаға санкциялар тізімін көбейтті
ЕО-ның Мьянмада санкция салған адамдардың саны 84-ке, ұйымдар саны 11-ге көбейді.
Еуропа Одағы (ЕО) Мьянмаға қарсы санкциялар тізіміне 19 тұлға мен бір ұйымды қосты.
Еуропа Одағы кеңесінің мәлімдемесінде армия басқаруды қолға алғаннан кейінгі екі жылда зорлық-зомбылық пен адам құқықтарының бұзылуының артқаны, сондықтан бесінші санкция пакетінің қабылданғаны атап өтілді.
Санкция тізіміне қосылған 19 адамның ішінде Мьянманың Инвестициялар және Сыртқы экономикалық байланыстар министрі Кан Зау, Жоғарғы сот төрағасы Хтун Хтун Оо, сондай-ақ Мьянма армиясының, Жоғарғы сайлау комиссиясының және армиямен қатысы бар кейбір жеке компаниялардың басшылары бар.
Мемлекеттік әкімшілік кеңесі демократия мен заң үстемдігіне нұқсан келтіреді деген сылтаумен санкцияланатын мекемелер қатарына қосылды.
Соңғы толықтырулармен ЕО Мьянмаға қарсы санкция салған адамдардың саны 84-ке, ұйымдар саны 11-ге көбейді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.