Сомалиде бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалды

Сомалиде террор ұйымы «Аш-Шабаб» әскери базаға шабуылдады, 5 адам қаза тапты.

1903088
Сомалиде бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалды

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша «Аш-Шабаб» террор ұйымының мүшелері елдің Галмудуг аймағындағы әскери базаға шабуылдады.

Шабуыл салдарынан кемінде 5 адамның қаза тауып, 10 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Шабуыл бомба тиелген екі көлікпен жасалды, жарылыстардан кейін қауіпсіздік күштері мен «Аш-Шабаб» террор ұйымының содырлары арасында үш сағатқа созылған қақтығыс басталды.

Қақтығыстардан кейін шегінуге мәжбүр болған «Аш-Шабаб» террор ұйымы мүшелерінің әскери базаға басып кіру әрекеті сәтсіз аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар