Ресей Малиге дәнді дақыл мен жанармай жібереді

Ресей Малиді 100 миллион доллар құнында көмірсутек, тыңайтқыш және астықпен қамтамасыз етеді.

1901846
Ресей Малиге дәнді дақыл мен жанармай жібереді

Ресей Малиді 100 миллион доллар құнында көмірсутек, тыңайтқыш және астықпен қамтамасыз етеді.

Мали экономика және қаржы министрі Алуссейни Саноу Ресей жіберген 60 мың тонна көмірсутегі, 35 мың тонна тыңайтқыш және 25 мың тонна бидайдың бірнеше аптаның ішінде елге ұласатынын мәлімдеді.

Саноу дақыл тиелген кемелердің Гвинеяның бас қаласы Конаки порты арқылы Малиге жеткізілетінін білдірді. Министр 27 қазан күні қалың делегациямен Ресейге барып, бірқатар кездесулер өткізді.

Ресей президенті Владимир Путин мен Мали президенті Ассими Гойта тамыз айында Мәскеуде кездесіп, қарым-қатынастарды дамыту туралы келісімге келген болатын.

Ресей тарапы кездесуден кейін Малиге әскери жабдыққа қоса жанар-жағармай, астық және тыңайтқыш қолдауы көрсететінін мәлімдеген еді.

Қазан айында Путин Мали президенті Гойтамен телефон арқылы сөйлесіп, Малиге терроризммен күресте көмектесетіндерін атап көрсетті.

Полковник Ассими Гойтаның 2021 жылдың мамыр айында билікті басып алуының артынан Ресей мен Мали арасында әсіресе әскери салада жақындасу басталды.



Ұқсас жаңалықтар