Байден "Иранды азат етеміз" деді

Джо Байден Иранда 50 күн бойы жалғасқан наразылықтарға байланысты «Біз Иранды азат етеміз» деді.

1902151
Байден "Иранды азат етеміз" деді

Америка Құрама Штаттарының  президенті Джо Байден Иранда бір жас әйел қамауда қайтыс болғаннан кейін басталған және шамамен 50 күн бойы жалғасқан наразылықтарға байланысты «Біз Иранды азат етеміз» деді.

АҚШ президенті Байден 8 қарашада Конгресстің аралық сайлауы алдында Калифорнияда өткен Демократиялық партия іс-шарасында сөйлеген сөзінде Ирандағы шерулеріне тоқталды.

Сөз сөйлеген кезінде оның жақтастары ұялы телефондарын көтеріп, «Иранды азат ет» деген хабарламаны көрсеткенде Байден:

«Уайымдамаңыз, біз Иранды азат етеміз. Олар тез арада өздерін азат етеді» деген сөздер қолданды.

16 қыркүйекте Иран астанасы Тегеранда 22 жастағы Махса Эминидің қамауда қайтыс болуы ел үкіметіне қарсы наразылық тудырды.



Ұқсас жаңалықтар