Бидай бағасы төмендеді

Ресей Қаратеңіз келісімін тоқтатқаннан кейін күрт көтерілген бидай бағасы Түркияның дипломатиялық бастамаларымен Ресей астық келісіміне қайта оралған соң төмендеді.

1901351
Бидай бағасы төмендеді

Түркияның дипломатиялық бастамаларынан кейін Ресейдің астық келісіміне қайта оралуымен бидай бағасы 6 пайыздан астам арзандады.

Геосаяси оқиғалармен қатар шикізат нарығында құбылмалы бағыт байқалады.

Ресей Қаратеңіз келісімін тоқтатқанын жариялағаннан кейін күрт көтерілген бидай бағасы Түркияның дипломатиялық бастамаларымен Ресей астық келісіміне қайта оралған соң тез төмендеді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қатысуы және Түркияның қолдауының арқасында астық келісіміне байланысты Украинадан қажетті жазбаша кепілдік алғандарын білдіріп:

«Ресей алған кепілдіктерді жеткілікті деп қарайды және астық келісіміне қатысуын жалғастырады» деді.

Осы оқиғалармен бірге Чикаго Сауда биржасында дүйсенбіде 6.4 пайызға және сейсенбіде 2.3 пайызға өсіп, 9 доллардан асқан бидайдың мерзімді келісімшарттарының бағасы 2 қарашада 6 пайыздан астам төмендеп, 8.43 долларға шегінді.



Ұқсас жаңалықтар