Ресей Ливанға астық береді

Ливанға қолдау Ресейдің астық дәлізі келісімін тоқтатқаннан кейін болғаны көңіл аударарлық.

1900532
Ресей Ливанға астық береді

Ресейдің Ливанға 25 мың тонна бидай мен 10 мың тонна жанар-жағармай беретіні хабарланды.

Ливанның Қоғамдық істер және көлік министрі Әли Хамие баспасөзге берген мәлімдемесінде Ресейдің азық-түлік және электр дағдарысымен күресіп жатқан елге 25 мың тонна бидай мен 10 мың тонна жанар-жағармай беретінін айтты.

Хамие Ресей президенті Владимир Путиннің Ливанға бидай мен жанармай грантын бекіткенін айтты. Ол  Мәскеудің бидай мен жанармай қолдауын қашан жіберетіні туралы толық мәлімет бермеді.

Ливанға қолдау Ресейдің астық дәлізі келісімін тоқтатқаннан кейін болғаны көңіл аударарлық.



Ұқсас жаңалықтар