Украина БҰҰ-н жәрдемге шақырды

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинаның «Лас бомба» қолданатынын пайымдаған болатын.

1896842
Украина БҰҰ-н жәрдемге шақырды

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников «Лас бомба (радиактивті бомба) идеясы олар үшін жиіркенішті екенін айтып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Атом Энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігін еліне бақылау миссияларын жіберуге шақырды.

Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников Twitter-дегі парақшасында мыналарды бөлісті:

"Украина армиясы күн сайын жерімізді ресейлік кірден азат етуде. Лас бомба идеясы біз үшін жиіркенішті. Біз БҰҰ-ның Атом Энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің бақылау миссияларын Украинаға шақырамыз. Әлем Ресейдің ядролық бопсалауына жауап беруі керек. Будапешт меморандумының 4-тармағының орындалуын талап етеміз.»

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинаның «Лас бомба» қолданатынын пайымдаған болатын.

Ал АҚШ, Франция және Ұлыбритания сыртқы істер министрлері ортақ мәлімдеме жасап, «Ресей Украинаның  жерінде «Лас бомба» қолдануға дайындалып жатыр» деген пайымдауларды теріске шығарған.



Ұқсас жаңалықтар